Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Бохшиева Айгүл Жанатбекқызы

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының

Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы

2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген. 2013 жылдан бастап, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы. Қазақ тілі сабағында қолданылатын бірнеше авторлық әзірлеменің авторы: Қарапайым деңгейге арналған «Диктанттар жинағы», латыннегізді жаңа әліпбиді үйретуге арналған «Жаттығулар жинағы» көмекші құралы, қарапайым және базалық деңгейде қазақ тілін үйренуге арналған «QazOnline» вебинар сабақтары, Базалық деңгейге арналған «Мәтінмен жұмыс» жинағы.

Облыстық А.Байтұрсынұлы атындағы байқаудың жеңімпазы.