Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы

Гүлсайран Нұрланқызы Төлегенова 1995 жылы 2 қарашада Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты-қазақ.

2001-2013 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы №48 қазақ орта мектебінде оқыды. 2013-2017 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы мамандығында білім алды.

2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тіл оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.

Қосымша мәліметтер: Республикалық «Қызылорда CUP IIІ» атты пікірсайыс турнирі – 2 орын (Қызылорда қаласы, 2018 жыл), Халықаралық бизнес университеті пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «VIІ Республикалық пікірсайыс турнирінің және VІ Асық чемпионаты» – 2 орын (Алматы қаласы, 2018 жыл).

10-нан астам қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі, педагогикалық технологиялар және т.б. тақырыптардағы ғылыми, әдістемелік мақалалар авторы, «Білімді балақай» балаларға арналған өлеңдер жинағының редакторы (2019ж.), «Жазылым» (қарапайым, базалық деңгей) қазақ тілінің жаңа графикасы бойынша жаттығулар жинағының (2019ж,), «Оқылым» қазақ тілінің 5 деңгейі (А1-С1) бойынша мәтіндер жинағының (2020ж.), «Қазақ тілі presentation» қазақ тілінің А1-В1 деңгейлеріне арналған электронды орта құрастырушысы.

Мақтау қағаздары: тілдерді оқытуда жеткен жетістіктері, кәсіби шеберлігі үшін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығының директоры К.Серғазинаның Алғысхатымен (2019ж.), М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшысы С.Қаракүшевтің Алғысхатымен (2018ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «БАТЫС» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Ә.Серәлиевтің Алғысхатымен (2019ж.), Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжіриебелік орталығының директоры Б.Джармагамбетованың Алғысхатымен (2019ж.), ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешовтің Алғысхатымен (2019ж.), Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжіриебелік орталығының директоры Б.Джармагамбетованың Алғысхатымен (2020ж.) марапатталды.

«Бастапқы деңгей: тіл үйрету мен лексикалық минимумды анықтау әдістемесі» республикалық онлайн семинарына қатысқан үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешовтің сертификатымен (2018 ж.), «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді дайындауға арналған 72 сағаттық республикалық курстан өткенін растайтын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешовтің сертификатымен (2019ж.), «Қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету және тұлғалық өсу жолдары» біліктілікті арттыру курсына қатысқаны үшін Д.Әнесқызы және К.Сергазинаның сертификатымен (2019 ж.), «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді үйрету жолдары» семинар-тренингке қатысқаны үшін К.Сергазинаның сертификатымен (2019 ж.), «Көптілділік-заманауи білім беру жүйесінде» облыстық онлайн семинар-практикумына шеберлік-класс көрсеткені үшін К.Сергазинаның сертификатымен (2019ж.), «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбы аясында өткен 18 сағаттық онлайн дәріске қатысқаны үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ә.Асқардың сертификатымен (2020ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктеріне арналған Тіл мектебіне қатысқаны үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарлы дамыту комитетінің төрағасы Г.Шойкиннің сертификатымен (2021ж.) марапатталды.