Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Махметова Әсел Нұрланқызы

Махметова Әсел Нұрланқызы - бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Білімі - жоғары, "Көкше" академиясы "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бакалавр 2012 жылы, 2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. 2020 жылы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" "Педагогикалық шеберлік орталығы мекемесінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Қазақ тілі мен әдебиеті" біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өтті, "Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпарттық технологиялар орталығы" КММ-де "Қазақ тілі сабақтарында тілдік ойындарды қолданудың маңызы" атты тақырыбында педагогикалық тәжірбие жинақтады, "Білімдегі жаңалықтар" республикалық ақпарттық-әдістемелік журналында "Бос уақыт" мақаласы жарияланды.

Педагогикалық қызмет нәтижелері: 2019 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ziatker.kz порталында авторлық материал жариялағаны үшін алғыс хат және Құрмет грамотамен марапатталды, "Ziat" ғылыми әдістемелік орталығының "Үздік оқу жоспары" Республикалық мұғалімдер байқауында I орын, 2019 жылы Г. Кәрімовның облыстық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотамен, СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімінен алхыс хат, 2021 жылы Интелектуалды КИО Қазақстандық олимпиададан Алғыс хат, 2021 "Кемеңгер ұстаз" интелектуалды КИО Қазақстандық олимпиадасына қатысып 1 орын иегері атанып, диплом алды. 2021 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқауының жіңімпазы, 2021 жылы "Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі" тақырыбында республикалық семинарға қатысқаны үшін сертификат, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында латын графикасының 72 сағаттық курсының сертификаты, 2019 жылы Қарағанды қаласында «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі, оқу әдістемелік кешен және цифрлық оқыту мүмкіндіктерін пайдалану» атты руспубликалық әдістемелік семинарына қатысқанын растайтын сертификаты бар.