Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Төребай Балауса Қанжарқызы

Төребай Балауса Қанжарқызы 1994 жылдың 31 қазанында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген.

2001-2010 жж. Қазалы ауданында Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясында білім алған.

2010-2014 жж. Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқыған.

2014-2018 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне журналистика мамандығында оқып, үздікке бітірген. Университет қабырғасында жүріп, ақпараттық сайттарда, «Қоғам ТВ» телеарнасында, облыстық «Сыр бойы», аудандық «Толқын» газеттерінде тәжірибе жинақтаған.

2019-2021 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, 2021 жылы К.С.Сарышованың жетекшілігімен «Көркем мәтіндегі лингвомәдени бірліктердің семантикалық сипаты (Ә.Кекілбаев шығармалары негізінде)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін иеленді.

Еңбек өтілі: 2 жыл 2 ай

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығында» мемлекеттік тіл оқытушысы қызметін атқарып келеді.


Жеке шығармашылық жетістіктері мен марапаттары:

2016 ж. ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сагадиевтен І дәрежелі диплом;

2019 ж. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша Жоғары(С1) деңгейін меңгергендігі жөнінде Сертификат;

2020 ж. «UZTAZ TILEGI» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық «Қазақ тілі» блиц-турнирінің 1-орын жеңімпазы, І дәрежелі диплом;

2020 ж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Қызылорда облысының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Н.Д.Мусаеваның Алғыс хаты;

2020 ж. Қызылорда облыстың ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының шығармашылығын зерделеу және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Инноватор – оқытушы» байқауында жүлделі 1-орын иегері, І дәрежелі диплом.

2020 ж. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры А.Мукеевтің Алғыс хаты;

2020 ж. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Әбішевтің Алғыс хаты;

2020 ж. ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының 02.12.2020ж. №348 бұйрығымен «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгісімен наградталды;

2020 жылы латын әліпбиінің «Жетілдірілген әліпби» жобасы бойынша өңірімізде мектеп мұғалімдері, колледж және жоғары оқу орындарына сынама сабақтарын өткізді;

2021 жылы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Л.Ортаеваның Алғыс хаты;

2021 ж. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік магистранты» атты республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Қазақстанның үздік магистранты - 2021» төсбелгісін иеленді.

Speak English of Kazakstan курсының «Beginner», «Elementary», «Pre-Intermediate», «Intermediate» деңгейлері бойынша біліктілік курстарынан өтіп, білімін жетілдірген.


Білім жетілдіру курстарының сертификаттары:

• Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Латын графикасы: теория мен практика» тақырыбындағы біліктілікті жетілдіру курсы (2019);

• Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 40 сағаттық «Жаңа қазақ әліпбиі және емлесі» курсы (2019);

• ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді дайындайға арналған 72 сағаттық республикалық курс (2019);

• А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен (Латыннегізді қазақ жазуының өзекті мәселелері» тақырыбындағы жөңгедек үстел(2019);

• С.Демирил атындағы университетінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы Абай мұрасы» атты жоғары оқу орындары арасында өткен республикалық ғылыми онлайн семинар(2020);

• Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Қазақ тілін оқыту үдерісінде ресурстарды тиімді қолдану жолдары» атты онлайн семинар (2020);

• «Miras academy» білім беру орталығы ұйымдастырған «Заманауи ұстаз» онлайн марафонына қатысып, қашықтықтан оқытуға арналған онлайн құралдарды меңгеріп, ІТ-құзірттілігін арттырды (2020);

• Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ғылыми-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен «Академиялық жазылым: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы шеберлік сағаты(2020);

• «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу-тренингтік орталығы ұйымдастырған «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында 36-сағат көлемінде қашықтықтан біліктілік арттыру курсы(2020);

• 2020 ж. 30 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Лұғат» қоғамдық қоры және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған «Тендерге қатысты ісқағаздарын мемлекеттік тілде рәсімдеу және іскери қарым-қатынас кезінде ділмарлықты жетілдеру» тақырыбындағы онлайн вебинар(2020).

• Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Қазақ тілін оқытудағы жаттыңу тапсырмаларының маңызы» атты онлайн семинар (2021);

• ҚР Білім және ғылым министрлігі, Тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» республикалық онлайн семинар (2021).


Баспа бетінде жарияланған мақалалары:

«Intellegence.kz» республикалық, ақпараттық, ғылыми-педагогикалық журналда латын әліпбиін меңгертуге байланысты «Аң, құс, өсімдіктердің күрделі атауларының емлесі» тақырыбында сабақ жоспарын жариялаған. 2020 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан) өткен «ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ: ХХІ ғасырдың сын-қатерлері» атты VII халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі» атты ғылыми мақаласы жарыққа шықты. «Бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени негізі және оның Ә.Кекілбаевтың «Шеткері үй» повесіндегі көрінісі» атты ғылыми зерттеу мақаласы 6-8 қаңтар аралығында Бирмингемде (Ұлыбританияда) «Инновациялық менеджмент және технологиялар жаһандану дәуірінде» атты VII халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинағының ІІ томында жарық көрді.


Латын курсы бойынша республика деңгейіндегі тренер, мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда, өңіріміздегі өзге ұлттарға қазақ тілін оқыту бағытында тындырымды істерімен көрініп жүрген білікті маман.


Тұрғылықты мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сол жағалау 9/16


Отбасылық жағдайы: тұрмыста


тел: +7 778 810 19 61