Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ

15.3.2023 572

2023 жылғы 15 наурыз күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы Ж.Искакова Астана қаласы әкімдігінің «астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алушылар арасында өткен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиадасына қатысты.

Шоқтығы биік шараға бұл жолы Елордадағы сегіз мектептің оқушылары қатысты.

«Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Нұрша Алжанбайқызының технологиясы бойынша өтетін бұл олимпиада дәстүрлі түрде халықаралық және басқа да әртүрлі деңгейлерде үзбей өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат, бірінші кезекте, ана тілімізде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең меңгерген, рухы биік көптілді білімді тұлға қалыптастыру болғандықтан, қатысушыға қандай қиын болса, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын анықтау да оңай шаруа емес. Сондықтан қазылар құрамына оқу-ағарту саласының білікті басшылары мен білімді ұстаздары тартылады», дейді жас ғалым Жазира Мақсұтқызы.

«Ұлтқа қызмет қылу – білімнен емес, мінезден» деген екен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов. Ана тіліміз – алтын қазынамыз. Беделді байқауға қазылар құрамында қатысқан әріптесімізге құрмет білдіре отырып, бағын сынап жатқан барша жас талапкерге сәттілік тілейміз.

Тегтер: ОЛИМПИАДА
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

247 Ақпарат

АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ

378 Ақпарат

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ

682 Ақпарат

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ОРТАҚ ӘЛІПБИ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ