Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТТІ

25.11.2022 597
2022 жылғы 24 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық баспа басқармасының басшысы Д.Құсайынов Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қ.Төлекеевтің 63 жасқа толуына арналған «Ана тілім – тірегім, тілімменен түледім» шығармашылық кешіне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.


Орталықтың Бас директоры, Қазақстан Республикасы Білім академиясының корреспондент-мүшесі, белгілі ғалым Ербол Тілешовтың Құттықтау хатында былай делінген: «Құрметті Қаратай Байкенұлы! Сіз туралы сөз болғанда, ана тіліміздің тағдырына қатысты жемісті қызметіңізді айналып өту мүмкін емес. Әсіресе, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары туралы әртүрлі көзқарас белең алған тұста бар күш-жігеріңізді жұмсап, өз облысыңыз бойынша нәтижелі іс жүргізгеніңіз – қайраткерлік қырыңыздың бір көрінісі ғана. «Жігітке жеті өнер де аз» деген, ұлтжандыазамат, ұлағатты ұстаз, біліктібасшы, қарымды қаламгер, талантты ақын, күміс көмей әнші ретінде жеке-жеке қарастырғанда, Сіздің атыңыз асқақтай түседі».

Кеш барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызы бастаған киелі Көкше өңірінің зиялы қауымы мен тіл жанашырлары құрметті зейнет жасына жетіп жатқан ел азаматы, даңқты жерлестері туралы жүрекжарды пікірлерін білдірді.

Тегтер: ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТТІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

102 Ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

315 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

266 Ақпарат

Ұлы күннің оралуы. Наурыз қазақпен қалай қауышты?