Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ

1.6.2022 295
2022 жылғы 1 маусым күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар өз жұмысын жалғастырды. Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы Жазира Мақсұтқұызы іс-шараның кезекті басқосуына сәттілік тіледі. Дәрістердің негізгі мақсаты қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуге байланысты болғандықтан, олардың бір-бірімен байланысты екенін ескертіп, сабақ барысында өзара пікір алмасып отыруға шақырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлбағиза Мұсаеваның бұл жолғы дәрісі «Лексика-грамматикалық материалды беру ұстанымдары» деп аталды. Әрі тыңдаушылармен практикалық жұмыстар жүргізілді.

«Жаңа деп қабылданып келген нәрсенің көнеріп, ескіретіні сияқты, уақыт өткен сайын әдістемелік әдіс-тәсілдердің де өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Бірақ, өмірлік тәжірибеге сүйенсек, сол уақыттың тезіне шыдас беріп, електен өткендері де болады екен. Мәселен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың басында «Тілдік материалды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек» десе, біз тіл үйрету үрдісінде әлі күнге бұл ұстанымдарды тап сол күйінде қолданып келеміз»,– деді Гүлбағиза Әбіласымқызы.

Қатысушылар БАҚ-та қазақша сөйлем құраудағы жиі кездесетін кемшіліктерді, соның ішінде сөздің түбіріне назар аудармай, белінен басушылықты нақты бейнежазбалар арқылы жан-жақты қызу талдады.

Семинар өз жұмысын жалғастыруда.

Тегтер: Республикалық семинар
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

322

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ

877

ақпарат

БАЙҚАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

378

ақпарат

ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА