Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚАРАЛЫ КҮНДЕР ҚАЙТАЛАНБАСЫН!

31.5.2022 338
31 мамыр саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі алаштанушы ғалым Ербол Тілешов ұжым мүшелерін Елордамыздың іргесіндегі «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне бастап апарды. Сталиндік зұлым саясаттың салдарынан тірілей тозаққа түсіп, жазықсыз жаладан адам төзгісіз азап шеккендердің рухына бас иіп, дұға етті. Шынында, мұражай экспонаттары тамұқ азабынан бір мысқал кем түспейтін сол бір нәубетті көз алдыңа әкелгендей еді.

«Адам баласы күнде сыналмайды. Сондықтан, жаныңда жүрсе, жүрекжұтқан батырлығын байқай бермеуің де мүмкін. Ал, ел басына күн туғанда ұлтының қамы мен ұрпағының болашағы үшін төтелеп келген ажалдан қаймықпай, сөзін айта білген, адал махаббатын сақтап, іс-әрекетін қорғай білгеннің бәрі Батыр»,– деді Ербол Ердембекұлы.

Сапар аяқталып жұртшылық сыртқа шыққанда, қара дауыл зұлматтың салқынына ұрынып, күзгі қыр секілді солғандардың көз жасындай жаңа ғана төгіп-төгіп өткен жауыннан кейін ұйтқи соққан долы желден алаңдағы биік көк байрағымыз ерекше көсіле желпініп тұр еді.

«Қаралы күндер, қансыраған жаралы жылдар, еңсені жаншыған қайғылы сәттер қайталанбасыншы!» – десті айрықша толқыныс үстінде тұрған бәрі.

Тегтер: Алжир, 31 мамыр саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

322

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ

878

ақпарат

БАЙҚАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

378

ақпарат

ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА