Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Сіздерде бәрі орысша...

29.3.2022 20253

Америкалық мұғаліммен әңгімелесіп отырып, бір сөзі жүрегіме қадалды... Бұл кісі бірнеше тіл біледі. Қалай үйренгенін бөлісіп, айтып беріп жатыр. Африка елдерінде ұстаздық қызметте істегенде, тек аудиторияда ағылшынша сөйлесеміз, сыртқа шықсам бәрі француз тілінде сөйлейді. Адамдармен араласу керек, қажет болған соң үйреніп алдым дейді. Қытайда бірнеше жыл жұмыс істедім. Ол жақта да тек сабақта ғана ағылшынша сөйлеймін, сыртта бәрі қытай тілінде сөйлеседі, қытай тілін үйреніп алдым дейді. Испанияда да тұрған, испан тілін біледі.

Қазақстанда жүргеніме 2 жылдан асты. Кафе-ресторанға, қыдыруға шыққанда бәрі орысша сөйлеседі. Орысша біраз сөздерді үйреніп алдым дейді. Бәсе, басында бұйымдардың бағасын "сколько" деп сұрады... Кейін, тек ағылшынша сөйлестік. Қазақша ештеңе білмейді. "Рақмет" деген сөзді үйретіп жібердік... Секен Тұрысбектің "Көңіл толқыны", Төлеген атамыздың "Салтанат" күйлерінің тарихын айтып, орындап бердім...

Жалпы, ұлттың күші - тілі мен жері. Әлсіздігіміз осы, өзге тұрмақ, өз арамызда басқаның тілін қолданамыз. Құстар сайрайды, бірақ, үрген немесе мияулаған құсты ешкім көрмеген шығар.


Тегтер:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

13782 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

3956 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды

3084 Тіл райы

Көрнекі ақпараттағы қазақ тілі: он мыңнан астам шағым түскен