Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Құрметті оқырман, қуанышты жаңалық!

11.2.2022 5513
​Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойында бірізді қолдануға арналған логотип үлгісін жариялап отырмыз.

Сонымен қатар бірыңғай символикасы бар брендбук әзірленіп, жаппай қолдануға ұсынылуда. Қандайда болсын ұлт ұстазының мерейтойына арналаған шара өткізер болсаңыздар, ұсынылып отырған бренбукты толық қолдана аласыздар.

Логотип Ахмет Байтұрсынұлының портреті түрінде әзірленді. Портрет мерейтойлық жылдың ең негізгі символы рөлін атқарады. Мерейтой иесінің портреті жұртшылықтың қабылдауына оңай, пайдалануға ыңғайлы болуы үшін графикалық элементтерді орайлы пайдаланып, трафарет стилінде әзірленген. Логотипте Ахмет Байтұрсынұлының келбеті оның қайраткерлік, ұстаздық және ғалымдық бейнесі ашылған.

Сонымен қатар мерейтой иесінің логотиптік бейнесіне ойшылдық, жігерлілік және сабырлылық тән. Портреттің идеялық және көркемдік шешімдері өзара үйлесіп, оның тарихи тұлғасын толық көрсете алады. Портреттің сол жақ шетінде алтын түстес бояумен «150 жыл» деп жазылған. Оң жақ шетінде қауырсын қалам тәріздес ақ түсті графикалық сызық мерейтой иесінің қаламгерлік болмысын және оның қайраткерлік, ұстаздық жолын көрсетсе, төменгі жағындағы ою-өрнек ұлттық мазмұнды танытады. Одан төменірек «Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» деген жазу бар. Портреттің төменгі жағындағы толық композиция ашық кітаптың символы іспетті. Логотиптің қазақ, орыс тілдеріндегі нұсқалары бар.

Бренбуктың электронды нұсқасы сілтемеде:


1. Қазақша брендбук.pdf

2. Орысша брендбук.pdf

3. Corel RGB нұсқасы

4. Corel CMYK нұсқасы

5. Corel CMYK үш тілдегі нұсқасы



Тегтер:
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

228 Ақпарат

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

436 Ақпарат

ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

523 Ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ