Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚҰРМЕТТІ ФИЛОЛОГ ҒАЛЫМДАР, ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ!

24.8.2021 1187
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс әлеуетін арттыру, қазақ тілді контентті дамыту және ғылым тіліне айналдыру, оны қолжетімді ету бағытында үздіксіз ісшаралар легін ұйымдастырып келеді. Соның бірі – ғылыми-танымдық бейнежазбалар қорын қалыптастыру. Мақсаты - қазақ тіл білімі тарихындағы тұлғалардың қазақ жазуына, руханиятына сіңірген еңбектерін насихаттау және тіл білімін түрлі аспектілерден зерттеу бойынша қазақ тілді ғылыми-танымдық контент жинақтап, кеңінен тарату.

Бейнежазбаға қойылатын талаптар:

1) сапалы камераға немесе Apple iPhone смартфонының соңғы модельдерінің біріне түсірілуі тиіс;

2) баяндау стилі таза ғылыми емес, көпшілікке арналған ғылыми-танымдық бағытта болуы қажет;

3) ұзақтығы 30-60 минутты құрағаны жөн;

4) ұсынылатын материалдың санына шектеу қойылмайды;

5) бұрын сапалы түсірілген, алайда таралымы төмен бейнежазбалар да қабылданады;

6) бейнежазба авторы өзі туралы ресми ақпаратты қоса ұсынуы қажет;

7) бейнежазба тақырыптары:

- тіл тарихындағы тұлғалар және диахронды зерттеулер;

- лингвистикалық ілімдердің қазіргі жай-күйі, келешекте даму;

- тілдік тұлға және жанды сөз;

- көркем мәтін тілі;

- корпустық лингвистика;

- тілдесімдік қатынас: адам және ақпараттық технологиялар;

- ғалам және тіл;

- тіл және ой;

- қазақ тілі және лингвоэкология;

- терминтаным;

- тіл және этимология;

- нейро, психолингвистика;

- когнитивтік лингвистика;

- көпшілік танымдық лингвистика және т.б.

Бейнежазбалар тұрақты қабылданады.

2021 жылдың 30 тамызында Тіл мерекесіне орай материалдардың 1-ші легінің топтамасы жасалады.

Бейнежазбалар «Тіл әлемі» сайтына орналастырылады.

Байланыс үшін:

Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ к-сі, 25, 2-қабат.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы.

Нұрлыхан Аитова: +7 707 5070394; +7( 701)4070394 (Telegram, WhatsApp);

Қадырхан Алмажан: +7(778)4001770 (Telegram, WhatsApp);

Бақытқызы Мөлдір: +7(701)8975047 (Telegram, WhatsApp).

Бейнежазбаны tilalemi.kz@gmail.com поштасына жолдайсыздар.

Тегтер: Байқау, қазақ тілі, бейнежазба, бейнеролик, Тіл-Қазына, Тіл саясаты комитеті, лингвистика, көркем, ғалам, лингвоэкология
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

83

ақпарат

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

100

ақпарат

​Қазақ тіліндегі ІТ жобалармен 6000 педагог танысты

68

ақпарат

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?