Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Тіл үйретудегі өзекті мәселелер» тақырыбында дәстүрлі республикалық онлайн семинар өтті

20.8.2021 830
ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі өзекті мәселелер» тақырыбында дәстүрлі республикалық онлайн семинар жалғасын тапты.

Онлайн семинарлар ұйымдастырудағы негізі мақсат – қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуды жетілдіру, әдістемелерді зерделеу, тіл оқытудың өңірлік орталықтарының тәжірибелерімен бөлісу және сол арқылы тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету.

Ағымдағы жылғы 20 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 16:00-де Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік мекемесі қызметкерлері әріптестеріне және тыңдарман қауымға қазақ тілін оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатыніске асырудың2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»Заңын жүзеге асыру жөніндегііс шара жоспарын жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыстар атқаруда.

Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелікорталығында 2019 жылыоблыс әкімдігінің №539 қаулысының негізінде10 ауданда (Ақсу, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Кеген, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек және Талғар) орталық филиалдары құрылып, қазіргі таңда Алматы облысының «Тіл»оқу-әдістемелік орталығы және 19 аудандық, қалалық филиалы барлығы20 орталық жұмыс істейді. Барлық оқыту орталықтары заманауи үлгідегі материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Штат саны – 75,5.

2017 жылыжалпы тыңдаушы саны – 1808, 2018 жылы – 1941,2019 жылы – 1352 болса, 10 орталық ашылғалы бері 2020 жылы – 4475,ал 2021 жылы – 5171 тыңдаушыға артты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарының бірі — қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру болғандықтан, 2019 жылы Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық «Жетісу» телеарнасы бірлесіплатыннегізді әліпбиді үйрету мақсатында жаңа жазылым мен оқылым дағдыларын меңгерту үшін«Жаңа әліпбиде жазып үйренейік» атты телесабақ аптасына бір рет жексенбі күндері 4 ай бойы эфирге шыққан болатын.

Әлеуметтік желінің жұмысын жандандыру мақсатында, облыстық орталықтың сайтында, инстаграм желісінде, фейсбукте 310 бейнесабақ жарияланды. Оның 181-і мемлекеттік тілден, 48-і латыннегізді әліпбиді меңгерту курсынанжәне 78-і ағылшын тілі курсынан. Барлық деңгейлер қамтылған. Кез келген адам сайтқа кіріп, видеосабақтардыөзіне қолайлы уақытта көріп, тілді меңгере алады.

Тыңдаушылардың курсқа деген қызығушылықтарынарттыру мақсатында, заманауи әдіс-тәсілдер қолданамыз. Сабақ барысында Лексикалық минимумды игерту, сабақ құрылымын жаңарту, интерактивті плакаттар жасау үшін Tagul, Wheel Decide, Quizlet, Kahoot, Playposit, Thinglink және learningapps (Тагул, уил дэсайд, куизлет, кахут, плейпозит, синглиңг, лөниңгапс) бағдарламаларын пайдаланамыз.

Сонымен қатар, сабақ үлгілері жиынтығынан құралған видео диск шығарылды. Видео дискігеА1 деңгейі, латыннегізді қазақ тілі әліпбиі, орыс тілі, ағылшын тілі курстарына арналған5 сабақ(А1 қарапайым, бастауыш, А1 – Beginner деңгейлері ) жиынтығынан тұратын сабақ үлгілері салынған.

2017 жылы «Тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» атты әдістемелік құрал шығарылды. Онда озық іс тәжірибе, сабақ үлгілері топтастырылды.Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің емле ережесін түсіндіру, насихаттау барысында «Жетісу» жинағы шығарылып, таратылды («Сабақ жоспары», «Грамматикалық анықтағыш», «Шеттілдік сөздердің жазылуы», «Жаттығулар жинағы», «Мәтіндер жинағы», «Тест жинағы», «Диктанттар жинағы», «Мақал-мәтелдер» және «Суретті әріптер»).

Тіл оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру, құжат айналымдарын бірізділікке салу, меңгерушілер мен оқытушылардың жұмысқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын тіл оқыту орталықтары арасындағы 19 аудандық, қалалық тіл оқыту филиалдары қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған «Оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру» атты облыстық байқау өткізілу дәстүрге айналған.

Конкурсмынадай номинациялардан тұрады:

1. «Үздік меңгеруші» номинациясы

2. «Үздікфилиал» номинациясы

3. «Үздік оқытушы» номинациясы

2020 жылдың «Үздік меңгеруші» номинациясын жеңіп алған Панфилов аудандық филиалының меңгерушісі Аслан Маратұлы Қалибеков қазіргі таңда А. Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы» республикалық байқауына қатысқалы отыр. Сонымен қатар, қазір «50 – 100 – 150» оқыту платформасын құрастырып, өздеріңізге таныстырмақпыз.

Көксу аудандық филиалы меңгерушісі Олжас Кенжебекұлы Қойшыбеков Түркия елінің тұрғыны Фатих Карагөз бенӘзербайжан елінің тұрғыны Савид Арзумановпен тығыз байланыста. Қазақ тіліне,салт-дәстүрімізге жәнеҚазақстанның көрікті жерлерінеқызығушылық танытып, киелі түркі астанасы Түркістанға келуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар,қазақ тілін үйренуге деген сұраныстарын білдіріп, онлайн форматта мемлекеттік тіл курсына оқуға тілек білдіріп отыр. Болашақта аталған елдерден курсқа тыңдаушы қамту жоспарлануда.

Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес тілді дамыту, тыңдаушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, іс тәжірибе алмасу, тілдік дағдыларын кеңейту мақсатында әр түрлі іс шаралар өткізіледі.

Атап айтсақ, орталық оқытушылары «Тіл-Қазына» ұлттықғылыми-практикалық орталығымен А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының іс тәжірибесі мол ғалымдарының шеберлік сабақтарына қатысып, өз білімдерін жетілдіріп отырады. Сүлеймен Демирель, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті жәнеІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен тығыз байланыса отырып, жұмыс атқарамыз.

2021 жылдың ІІ жартыжылдығына жалпы – 1880, оның ішінде мемлекеттік тіл курсына – 1501, орыс тілікурсына – 38, ағылшын тілі курсына – 341 тыңдаушы қабылданып, онлайн форматта оқытылуда.

Мемлекеттік тілдің маңыздылығын насихаттау мақсатында облыстық драма театрының актерлері мен кино саласының мамандарымен және облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірлесе отырып, «Ана тілің – арың бұл» тақырыбында видеороликтүсіріліп, әлеуметтік желіде таратылды. Алдағы уақытта аталған үрдіс жалғасын таппақшы.

«Тілдік деңгейді саралау» тесттер жинағы. Тесттер жинағы ересек тұрғындардың қазақ тілін білу деңгейін анықтауғаарналған. Тест жеті нұсқада. Бес бөліктен тұрады: тыңдалым бөлігі (10 сұрақ),лексика-грамматика бөлігі (10 сұрақ), оқылым бөлігі (танысып оқу, зерттеу элементтерімен оқу, жүгірту оқу), жазылым бөлігі (грамматикалық сауаттылық,мазмұны, өзбетінше тілді қолдана алудәрежесі), айтылым.

«50 – 100 – 150» оқыту платформасы. Этнос өкілдеріне арналған қазақ тілін грамматикасыз, жеңіл әрі оңай жолмен яғни ауызекі сөйлеуді үйрету мақсатында құрастырылған «Тамақтану орындары»,«Азық-түлік» тақырыптарындағы сөздіктер. Сөздік үш бөлімнентұрады: 50 сөз, 100 сөз тіркесі,150 сөйлем. Сөздік жаңа ақпараттық технология негізінде жасалған. Сөздіктегі берілген сөздер, сөз тіркестер мен сөйлемдердің тыңдалымын, оқылымын QR код арқылы іске асыра алады. Сонымен қатар игерілген ақпараттарды QR код арқылы әр түлі тапсырмалар орындай отырып, тексере алады.

«Мәтінмен жұмысты тиімді ұйымдастыру» әдістемелік құралы. Әдістемелік құрал тіл үйретудегі оқылым дағдысын жетілдіру, оқу, талдау, пікір айту, сұрақ дайындау жұмыстарын орындату арқылы тыңдаушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіруге арналған.

Алдағы уақытта да басқа да өңірлік орталықтардың тәжірибелерімен бөлісетін боламыз.

Онлайн басқосу ZOOM платформасында семинар түрінде өтті және жалпы тыңдармандар үшін Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Семинарға 150-ге жуық тіл маманы қатысты.

Тегтер: Онлайн семинар, Қазақ тілі, Тіл-Қазына
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

59

ақпарат

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

92

ақпарат

​Қазақ тіліндегі ІТ жобалармен 6000 педагог танысты

52

ақпарат

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?