Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

6.8.2021 1028
Тәуелсіздік тұғырының мықты болуы тіл тұтастығына байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің бір сұқбатында: «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты» деген болатын.

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы қазақ тілінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген этнос өкілдерін біріктірді.

6 тамызда «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының ІІІ кезеңіне қатысушы ЖОО студенттері мен ересек тұрғындарды марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба құттықтау сөзінде: «Тіл мәдениеттің негізгі элементі және ұлт пен оның бірлігін қалыптастырудың мүлтіксіз шарты болып табылады. Қазақ тілін сақтау және дамыту біздің мемлекетіміздің мәдени саясатының аса маңызды міндетін құрайды. Сіздер де мемлекеттік тілдің сақталуы мен дамуына баға жетпес үлес қосып отырсыздар» деді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілген акцияға еліміздің 14 өңірінен 171 адам қатысты.

19 этнос өкілдері белгілі қазақ ақындарының туған ел, туған жер, ана тілі тақырыбындағы жыр жауһарларынан үзінділерді мәнерлеп жатқа оқыды.

Өз өлеңдерін оқыған дарынды қатысушылар да болғанын атап өткен жөн.

Қатысушылар арасында орыс ұлтының өкілдері басым – 70 қатысушы. Өзбек, татар, дүнген, күрд, неміс, әзербайжан ұлттарының өкілдері де белсенді қатысушылардың қатарында болды.

Шараға қатысушылардың басым көпшілігі Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарынан.

Барлық материалдарды мұқият зерделеген қазылар алқасының шешімімен Саметова Хамида (ШҚО), Кочеткова Галина (Ақтөбе обл), Кефер Ольга (Ақтөбе обл), Корчемкина Анна (БҚО), Адеева Масрур (Шымкент қ.) акция жеңімпаздары болып танылды.

Ынталандыру дипломдарымен Виктория Дорошко (Қостанай обл), Мариям Точиева (Ақмола обл), Кахрабо Юлдашева (Нұр-Сұлтан қ.), Анюта Трегуб (Ақтөбе обл), Анастасия Гросс (ШҚО), Индира Бельская (ШҚО), Мажит Герфанов (Қостанай обл), Светлана Тарасова (Нұр-Сұлтан қ.) марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, акцияның 5-8 сынып оқушылары арасында өткен І кезеңіне 22 этностан 326 адам қатысты, олардың басым көпшілігі (214 адам) орыс ұлтының өкілдері болды.

9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен ІІ кезеңге 14 этностан 213 адам қатысса, 68-і – орыс ұлтының өкілдері.

Келесі кезең құқық қорғау, ішкі істер органдары өкілдерінің арасында өтеді (6 тамыздан 6 қыркүйекке дейін).

Қатысушылардың материалдары Instagram желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегі бойынша қолжетімді.

Тегтер: Республикалық акция, мен қазақша сөйлеймін, этнос өкілдері
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

62

ақпарат

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

96

ақпарат

​Қазақ тіліндегі ІТ жобалармен 6000 педагог танысты

54

ақпарат

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?