Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫҒА ИЕ БОЛ!

22.6.2021 819
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы карантин кезінде қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге күш салуға шақырады. Себебі тіл жалпы ұлтқа ортақ қазына. Ал оның түйткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін тұсын түзету ортақ міндет.

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағы және «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендері әзірленеді. Мемлекеттік тілдің маңызды салаларын қамтитын басылымдардың сапасын арттыру мақсатында редакция қаламақысын төлей отырып, мақала қабылдайды.

ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;

Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер – барлық жерде 2 см;

Мақаланың көлемі 5-7 бет;

Мақала атауы бас әріптермен, автор туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, суреті) жазылады;

Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];

Мақалалар Tilqogam@gmail.com электронды поштасы арқылы 2021 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;

Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;

Электронды журналдар www.tilalemi.kz, www.termincom.kz сайттарында орналастырылады.

Жалпы Ереже мына сілтемеде: https://drive.google.com/file/d/1iraUCQIpGMxN9Zoe_... толық көрсетілген.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-30-43, 8-701-109-76-14

Тегтер: мақала жазып, қаламақы ал, жарнама
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

29

ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

90

ақпарат

«Терминдерді біріздендіру: лингвистикалық және заңнамалық негіздері» атты республикалық әдістемелік онлайн семинары өтеді.

56

ақпарат

«Тіл үйретудегі озық оқыту технологиялардың маңызы» республикалық онлайн семинары