Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының ЕРЕЖЕСІ

4.5.2021 477
Акцияның мақсаты 1.Қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу; - қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту; - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. 2.Акцияға қатысатын үміткер акция талабы бойынша берілген ақындар өлеңдерінің біреуін таңдап, мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда жыр оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде нақты көрсетілуі қажет. 3.Байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан этнос өкілдері қатысады.

Акцияға қатысу тәртібі

Акцияға еліміздің 17 өңірінде мемлекеттік тілді жетік меңгерген Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері қатыса алады.

14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының:

  • 5-8 сынып оқушылары;
  • 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері;
  • жоғарғы оқу орындарының (одан әрі – ЖОО) студенттері мен ересек тұрғындар;
  • Құқық қорғау органдарының, Ішкі істер органдарының өзге ұлт өкілдері қатысады.

Акция 4 кезеңнен тұрады

Бірінші кезеңде 5-8 сынып оқушылары, екінші кезеңде 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері, үшінші кезеңде ЖОО студенттері, ересек азаматтар және төртінші кезеңде құқық қорғау және ішкі істер органдары қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қазақ ақындарының «Отан», «Туған жер», «Туған тіл», «Қазақ тілі» тақырыптарына жазылған өлеңдерінен үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде (Instagram) #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс.

Акция жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желідегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.

Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның:

  • аты-жөні;
  • ұлты;
  • оқу немесе жұмыс орны;
  • байланыс нөмірі (ұялы телефон);
  • жетекшісінің аты-жөні;
  • ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
  • қатысушы өлең жолдарын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Қатысушының акция аясындағы материалы көркемсөз оқу талаптарына сай келмеген жағдайда, қазылар алқасының шешімімен «лүпіл» саны ескерілмейді;
  • қатысушы өлең жолдарын жаттауда қазақ тілінің орфоэпиялық және сингармонизм заңдылықтары сақталауы керек (қатысушының жетекшісі осы процесті қадағалауы тиіс);
  • өңір бойынша барлық қатысушылар туралы ақпаратты жауапты маман (өңірлік тілдерді дамыту, білім басқармалары және тіл оқыту орталықтары) қадағалап отыруы керек (қатысушының өлеңді жаттауы, әлеуметтік желіде насихатталуы, таралуы, «лүпіл» жинауы);
  • қатысушы бейнежазбада өлеңді жатқа айту уақытын қатаң сақтап, ұзақтығын 2,5 минуттан асырмауы тиіс. Қазылар алқасы 1 минутқа дейінгі бейнежазбаларды қарамауға құқылы.

Кезең атауы

Қатысушылар контингенті

Акцияның басталуы

Акцияның аяқталуы

Қорытындалау күні

Бірінші кезең

Орта мектептердің 5-8 сынып оқушылары

3 мамыр

10 маусым

11 маусым

Екінші кезең

Орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері

3 маусым

1 шілде

2 шілде

Үшінші кезең

ЖОО студенттері мен ересек тұрғындар

5 шілде

5 тамыз

6 тамыз

Төртінші кезең

Құқық қорғау және Ішкі істер органдарының қызметкерлері

6 тамыз

6 қыркүйек

8 қыркүйек

Қатысушыға қойылатын ерекше талаптар

Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау

1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді.

2. Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

3. Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.

Шараның өткізілуіне жауапты тұлға: Әлім Сергібаев, 8(7172)27-30-43, 8(707)5333873.

Тегтер: "Мен қазақша сөйлеймін!" акциясы
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

83

ақпарат

КӨСЕГЕ

147

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛДІМ»

110

ақпарат

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?