Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚАЗАҚ ТІЛІ – АНА ТІЛІМ, САРҚЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ!

15.4.2021 493
Бүгін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы және Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ тілі – ана тілім, сарқылмайтын байлығым!» онлайн диалог алаңы өтті.

Онлайн шараның мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда шетелдегі қазақ қандастарға ана тілін меңгеру үшін әдістемелік қолдау көрсету, Түркия Республикасы және Ресей Федерациясы Орынбор облысындағы қандастармен ынтымақтастықты одан әрі нығайту.

Онлайн платформасында өткен шараға Түркия және Ресей елінен қашықтан ана тілі – қазақ тілін үйренуге ынталы қандастарымыз және облыстық жексенбілік мектеп оқытушылары, Тілдерді оқыту орталығының педагогтары және әлеуметтік желі қолданушылары қатысты. Шара тікелей эфирде sentriazyka инстаграмм парақшасы арқылы берілді.

Шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушылары қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің тиімді-әдіс тәсілдерін, қашықтан оқытудың артықшылықтарын, онлайн тілдік ресуртарын тиімді пайдалану туралы шеберлік сағаттарын, презентациялық шолу, сұхбат өткізді. Сонымен қатар Орталықтың «www.tilaktobe.kz» ресми сайты, дәлірек айтсақ, «Қашықтан оқыту» рубрикасындасында жинақталған қазақ тілін меңгертудің А1– В2 деңгейлері бойынша сабақтар циклы, «Біліміңді шыңда!» лексика-грамматика, оқылым дағдылары бойынша тест тапсырмалары, «Тағылым», «Шежіре» атты қазақ халқының кең таралған салт-дәстүрі жөнінде қазақ–орыс тілдерінде қысқаша ақпараттар, «Тіл ордасы» бейнесабақтар циклы және т.б егжей-тегжей таныстырылды.

Шараның «Еркін микрофон» бөлімінде шетелдік қатысушылар сөз алды, атап айтсақ, елден жырақта жүрсе де ана тілі – қазақ тіліне деген құрметі сөнбеген қандастарымыздың, әсіресе шетелдегі жастардың қазақ тілін меңгеруіне үлес қосып жүрген Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігі төрайымы Таикешева Сәуле Совхозқызы, Түркия Республикасы Хаджеттепе университеті фольклортану бөлімі докторанты, «Тарих және мәдениет» қауымдастығы жоба үйлестірушісі Лахаева Әсел Төреханқызы, Түркия Республикасы «Көк Ту» қазақ мәдениет қоғамы қазақ тілі курсының үйлестірушісі Ұзақбайқызы Салтанат өз ой-пікірімен бөлісіп, ұсыныс-тілектерін жолдады. Шара қонақтары өз сөздерінде шетелдегі қандастарымыздың ана тілі-қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтары зор екендігін және бүгінгі тілдік онлайн басқосу тіл оқытушылары үшін тамаша тәжірибе алмасу болғандығын жеткізді.

2016 жылы өз бастауын алған мемлекетаралық бұл игі шара өткен жылдың өзінде бірнеше рет Орынбор жерінде оффлайн, кейін онлайн форматында сәтті өткен болатын. Елдегі төтенше жағдайға байланысты биығы жүздесу диалог алаңы ретінде онлайн платформасында өз жалғасын тауып отыр. Шара соңында Тілдерді оқыту орталығының басшысы К.Серғазина Ақтөбе-Орынбор ынтымақтастығын нығайтып жүрген Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігіне ерекше алғыс білдірді және Түркиялық әріптестерге қазақ тілін үйретуде әдістемелік қолдау көрсету - абыройлы міндет екендігін айтып өтті.

Қазақ тілі – ана тілім, сарқылмайтын байлығым! Тіліміз өркендеп, құлашын кең жая берсін!

Осындай ақ тілекпен сонау Түркия мен Ресей елінде жүріп, қасиетті қазақ елінің, қазақ тілінің өркендеуіне тілектестік білдірген онлайн диалог алаңы қатысушылары қош айтысып, алдағы уақытта шығармашылық байланыстың нығаюын мақсат етіп тарқасты.

Сүгірбаева Ақмарал Сағынбайқызы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы

Тілдерді оқыту орталығының әдіскері, п.ғ.магистрі

Тегтер: Ақтөбеден тіл жаңалықтары
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

83

ақпарат

КӨСЕГЕ

147

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛДІМ»

110

ақпарат

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?