Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

13.4.2021 723
Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі күштеп тоқтатуға қанша әрекет қылса да, ұлық мерекені жүрегімізден өшіріп тастай алмады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қайта ресми мәртебе беріліп, тарихи әділеттілік қайта орнығып, қасиетті мерекемен қуана қауыштық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады.

Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын.

Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз.

Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

Елімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Тегтер: ораза айымен Президент құттықтауы
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

297

ақпарат

Жеңімпаздар анықталды

137

ақпарат

«Мемлекеттiк тiл - тауелсiздiк символы» республикалық байқауы

370

ақпарат

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ