Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

22.1.2021 1455
2021 жылдың 22 қаңтары күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Отандастар» Қоры шетелдерде және Қазақстанда қазақ тілін оқыту жобалары бойынша екіжақты кездесу ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы атқарған өткен жылғы шоқтығы биік шараның бірі «Абай институты» ашық білім беру жобасы еді.

Бұл бас қосуда биылғы жылға арналған онлайн және офлайн оқыту бағдарламалары талқыланды. «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Қанапияұлы Сарбасов, аталмыш қор жобаларының координаторы Дидар Болат, Қордың білім және қазақ тілі бағытының маманы Нұрымжан Қасымұлы Жұмағазиев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Әдістеме басқармасының басшысы София Қажыақпарқызы Омарова, осы Басқарманың ғылыми қызметкерлері Айгүл Әділбекқызы Орманова, Марияш Дарменова, Ұлттық орталықтың Бас менеджері Нұржан Бижомартұлы Сейсенбек қатысқан кездесуде оқыту жоспары жан-жақты сөз болды. Бұл кездесу нәтижесінде «Абай институты» мен Қазақ мәдени-іскерлік үйі жобалаларын дамытудың стратегиялық жоспарын құру қолға алынбақшы.

Анықтама үшін, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» бастау алған бұл істің бастапқы қадамы ретінде бес мемлекетте: Түркия, Иран, Ресей, Белгия және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқыту курстары жұмысын бастап кетті. Қазірдің өзінде ол жерлерде кураторлар белгіленіп, қырықтан астам ынталы шетелдік қандастар мен шетелдік азаматтар қазақ тілін үйреніп жатыр.

Былтырғы қазан айында онлайн режімде шетелдердегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылып, оған Ресейдің Мәскеу, Самара, Орск, Орынбор қалаларынан, Алтай Республикасынан, Монғолиядан, Ираннан, Португалиядан, Бельгия Корольдігінен, Испаниядан отыздан астам тыңдаушы қатысқан болатын.

Тегтер: отандастар қоры мен орталық мамандары абай институты туралы келісті
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

257 Ақпарат

АБАЙ ИНСТИТУТЫ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӨРЕЛІ ІСТЕР

220 Ақпарат

АЙТЫЛЫМ МЕН ЖАЗЫЛЫМ

204 Ақпарат

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ