Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

13.11.2020 1551
«Терминологиялық хабаршының» 2020 жылғы №2 (59) саны жарық көрді. Бюллетень Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы №1 шешіміне қосымшасы бойынша бекітілген салалық терминдермен ашылады. Тілге жатық, ұғымға жеңіл төл сөздеріміз көзге оттай басылады. Мәселен шахматтағы «ферзъ» – «уәзір» болып қабылданған. Назарбаев университеті әлеуметтік және гуманитарлық мектебінің қауымдастырылған профессоры Сарқыт Әлісжанның «Ғылым тілін дамытудағы халықаралық және төл терминдеріміздің ара салмағы» деген мақаласы өзекті мәселелерді қозғайды.

«Қазақша атаулар өздерінің орысша нұсқасына қарағанда механикалық түрде қолданыла салмайды. Мысалы, біз «процесс» сөзін автоматты түрде қолданамыз, ал оны үдеріс деп қазақша атасақ, сөйлеушінің сансында сол сөздің мағынасына байланысты түсінік қалыптасады. Қоғамдық ғылымдарда әлі күнге жарыспалы қолданылып жүрген «интерпретация» атауы кездеседі. Көп мамандар, әсіресе тіл білімі мамандары сол күйінде пайдаланады: сөз интерпретациясы. «Интерпретация»-ның «талдау», «түсіндіру» деген мағыналарын негізге алып, түсіндіру (сөзді түсіндіру) сөзін балама ретінде қолдану да кездеседі. Дәрумен – витамин нұсқалары да осындай күйде. Мұндай жарыспалы терминдерге көп мысалдар келтіруге болады, олардың қазақша нұсқаларына деген мамандар күдігі әлі сейілмей отыр. Кезінде құрылыс саласы бойынша бастау алған терминжасамдағы бір дыбысын өзгерту арқылы мағынаны саралап қолдану, мысалы, ғимарат, имарат, үймерет қазір кенжелеп қалды», – деп жазады ғалым.

Медицина ғылымдарының докторы, Терминологиялық жұмыс тобының мүшесі, профессор Мұхамбедия Ахметовтың «Медицина терминологиясыныңс даму тарихы» мақаласы, аты айтып тұрғандай, медицинаның арнайы лексикасы дамуының әлемдік тәжірибесі туралы ой қозғайды. Жазбада қызықты мәліметтер жиі кездеседі. Мәселен, анатомиялық латын номенклатурасында араб тілінен бір ғана сөз қалған nucha, қазір мойынның артқы жағы, желке мағынасында қолданылады екен. «Ол Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым Канонынан» алынған, онда мағынасы «жұлын» деген мағынаны береді. Ал желкенің басқаша атауы болған. Аудармашылар араб тілінен аударған кезде көп сөздерді қате аударды», – дейді автор.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық-баспа басқармасының басшысы Ә.Сергібаевтың айтуынша, басылымның толық нұсқасымен «Терминком кз» сайты арқылы жақын арада таныс бола аласыздар.

Тегтер: Терминология хабаршысының жаңа саны
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

364 Ақпарат

АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ

448 Ақпарат

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ

735 Ақпарат

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ОРТАҚ ӘЛІПБИ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ