Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл үйретудегі жаңа технология таныстырылды

7.4.2020 614

Әдіскер-ғалымдардың пікірінше, тілді оқыту сабақтарында дыбыстық және бейне көрнекілікті жиі және жүйелі түрде қолдану арқылы тілді үйренушілер тобында жасанды тілдік орта қалыптастыру аса маңызды. Өйткені тілдік ортаға бойлау арқылы тіл үйренушілер белсенді түрде тілдік қатынасқа түседі. Сондай-ақ тілдік кедергіні жою арқылы олардың тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу дағдылары жетіле түседі. Сондықтан да «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы онлайн курстың кезекті санын «Қазақ тілін аудиовизуалды әдістермен оқыту» тәсіліне арнауды жөн санады.

«Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» онлайн курсының бүгінгі дәрісін «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты София Қажыақпарқызы жүргізді. Онлайн сабаққа 65 маман қатысып, тіл үйретудің соңғы технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен танысты.

- Ақпараттық технологияның қарқынды дамыған уақытында заманауи технологияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу, тіл үйренушінің тілді үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оның сабақтағы белсенділігін арттырады. Осындай заманауи технологияларға құрылған сабақтардың бірі – қазақ тілін аудиовизуалды әдістермен оқыту,- дейді С.Қажыақпарқызы.

Әдіскердің айтуынша, аудиовизуалды материалдар тілдің паралингвистикалық элементтерімен қатар, көзбен көретін, яғни визуалды элементтерді де байқауға, көруге мүмкіндік береді екен. Әрине, ол ақпаратты жылдам қабылдауға, оны тез түсінуге және есінде жақсы сақтауға жол ашады.

Бүгінгі онлайн курста тақырыпқа сай арнайы дайындалған екі минуттық бейнежазба негізінде аудиовизуалды әдістің тиімділігі дәлелденіп, қолдану тәсілдері жайлы пайдалы әдістемелік кеңестер берілді, инновациялық жаттығулар түрлері ұсынылады. Тыңдарманға ұсынылған тың ақпаратты сіз де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің елдегі төтенше жағдайға байланысты арнайы ашқан фейсбук әлеуметтік желісіндегі ONLINE bol парақшасынан қарап, таныса аласыз.

Айта кетейік, «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» онлайн курсы 10 сәуірге дейін жалғасады. Тұрақты тыңдарманға «Тіл-Қазына» орталығының сертификаты табысталады.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

159

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

274

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...