Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Тіл-Қазына» орталығы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысты

17.3.2020 556
Азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында «Тіл-Қазына» орталығы қызмет қарқынын сақтай отырып, қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті.

Еске салсақ, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының пандемиясын жариялады. Келесі күні Қазақстан Үкіметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен оған қатысты арнайы шаралардың енгізілгені туралы хабарлады. Ал 15 наурызда Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» ЖАРЛЫҚ енгізді. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жөнінде тапсырмасына сай жоспарланған жұмыстар қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.


Жаңа әліпбиді жетілдіру жөніндегі жұмыстардың атқарылу тәртібі:

* Жаңа әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сай атқарылған жұмыстар мен жаңалықтар https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады.

* Байқаулар: 1. Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу;

2. Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған балаларға арналған анимациялық фильм әзірлеу бағыттары бойынша өтінімдер tilalemi.kz@gmail.com электронды адресінде қабылданады.

* Барлық жұмыс жиналыстар онлайн режимге ауысты.


Бұдан бөлек, штаб күнделікті негізде жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ағымдағы ситуация жайында ақпараттандыратын болады. Ақпаратты https://tilalemi.kz/, https://www.qazlatyn.kz/ сайтынан, әлеуметтік желілерде Facebook және Instagram парақшасынан табуға болады.

Сонымен қатар 87172 27-71-38, 8775 759 87 18 нөмірлері арқылы толық ақпарат алуға болады.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

91

ақпарат

Ақпараттық технология саласы терминдерінің бүгіні: ұлт тілі және заман сабақтастығы

85

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

52

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді