Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ғылыми-публицистикалық мақалалар қабылданады

10.3.2020 818
«Тіл және қоғам» электрондық альманағын, «Терминологиялық хабаршы» және «Ономастикалық хабаршы» электрондық бюллетендеріне ғылыми-публицистикалық мақалалар қабылданады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағын, «Терминологиялық хабаршы» және «Ономастикалық хабаршы» электрондық бюллетендерін әзірлейді.

Осы ретте жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған бұдан бұрын жарияланбаған ғылыми-публицистикалық мақалалардың қосымшаға сәйкес қабылданатынын хабарлаймыз.


Қосымша

1.«Тіл және қоғам» альманағында жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

-Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолдары, олардың негіздемелері, байқау нәтижелері;

-Қазақ тілінің қоғамдағы атқаратын рөлі мен тілді дамытудағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер мен олардың нәтижелері;

-Әлеуметтік салалар бойынша қазақ тілінің даму жолдары, нәтижелері, нақты көрсеткіштер, республика көлемінде тәжірибеге енгізу жолдары;

-Қазақ тілін өзге ұлттарға оқыту әдістемелерін жетілдіру жолдары, ерекшеліктері, практикада қолданысы, нәтижелері;

-Қазақ тілінің жаһандану кезеңіндегі проблемалары, шешу жолдары, өзекті мәселелер, шетелдік тәжірибелер мен олардың шыққан нақты нәтижелері мен көрсеткіштері;

-Қазақ тілін оқыту орталықтарында оқытудағы өзекті мәселелер, тіл меңгеру ынтасын арттыру жолдары, тәжірибелер, нақты нәтижелер;

-Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тәсілдері, қазақ тілін меңгеруді міндеттеу тәсілдері, қазақ тілін оқыту әдістемесін жүйелеуге ықпалы, әлемдік тәжірибе;

-Латын графикасына көшудің қазақ тілінің дамуына қосатын үлесі, ықпалы, перспективалары, кезең-кезеңімен көшіру бағыттары.


2.«Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

-Салалар бойынша жаңа терминдер мен олардың негіздемелері, жаңа терминдердің шығу тегі, тарихы, мазмұны;

-Терминдерді біріздендіру мен іріктеудің мәселелері, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер, олардағы қолданыстағы критерийлер мен олардың қазақстандық ортаға бейімділік талаптары;

-Терминдердің қоғамда қабылдану жолдары, олардың тәсілдері, тәжірибелер мен нақты нәтижелер, байқау нәтижелері;

-Бұқаралық ақпараттағы терминдерді пайдаланудың өзекті мәселелері, проблемеларды шешу жолдары, қазақ терминологиясын дамытудағы рөлі;

-Терминдердің қолданыстағы сипаты, өміршеңдігі немесе өміршең еместігінің белгілері, проблеманы тудырушы факторлар, тәжірибелер мен олардың нәтижелері, статистикалық мәліметтер;

-Терминдерді іріктеу мен бекітудің талаптары мен бейімдеу жолдары, проблеманы шешу жолдары, тәжірибе, статистикалық мәліметтер.


3.«Ономастикалық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

-Ономастика саласындағы негізгі проблемалар, шешу жолдары, ғылыми негіздемелері;

-Ономастикалық атаулардың нормативті құжаттарын қалыптастыру проблемалары, түрлері, формалары, тәсілдері мен халықаралық тәжірибелер;

-Эргонимдер саласындағы өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары, белгілі бір өңірдегі мысалдар, оларды жүйелеу жолдары;

-Ономастикалық проблемалар мен тілдік ахуал проблемалардың ұштасу мысалдары, шешімдері, тәжірибелер, өңірлік ерекшеліктер мен тілдік саясат ықпалы;

-Тарихи жер-су атауларының ерекшеліктері, оларды қайтару жолдары, перспективалары, зерттеу нәтижелері;

-Топонимдер мен ұлттық таным мәселелері, қазақ тіліне әсері, нәтижелер мен болжамдар, зерттеу нәтижелері;

-Ономастикалық атаулардың тарихи және этноәлеуметтік негіздері, зерттеу нәтижелері мен өңірдегі ерекшеліктер, өңірлердегі зерттеулер, нәтижелер.


4. Еңбектерді ұсыну тәртібі:

-мәтін Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;

-мақаланың көлемі 5-7 бет;

-мақала атауы бас әріптермен, авторлар туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі) жазылады;

-пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];

- мақалаларды baspa273043@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.


Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады. Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді.

Журналдар «tilalemi.kz», «termincom.kz» және «atau.kz» сайттарында орналастырылады.


Тегтер: мақала, Терминологиялық хабаршы», «Ономастикалық хабаршы» , журнал, ғылыми мақала
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

83

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

46

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді

628

ақпарат

Қазақ тілінің үздік әдіскерлері анықталды