Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латын әліпбиі: онлайн семинар өтті

4.3.2020 513
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетініңұйымдастыруымен әліпби жобасын ғылыми тұрғыдан қайта саралау мақсатында өңірлік тіл басқармаларымен бірлескенонлайн семинар өтті.

Жиынды Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қабаев ашты. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың тапсырмасына сәйкес әліпбиді жетілдіру жұмыстарын қорытындылау сатысындағы жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар әліпби құрамына с, w, х таңбаларын енгізу, ц, ч дыбыстарына таңба арнау, и, і және ж, ң дыбыстарының таңбасын қайтадан қарастыру мәселелеріне орай ғылымдар ұсыныс-пікірлерімен бөліссе деген ойын ортаға салды.

Семинарда ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссия жұмыс топтарының бірлескен Кеңесінде мақұлданған әліпби жобасының негіздемесі таныстырылды. Өңірлік Тіл басқармалары мамандарының ц әрпіне қатысты сауалдарына "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова жауап берді.

- Әліпбиде Ц әрпі жоқ, себебі Ц дыбысы қазақ тіліне тән емес, әрі онымен келетін сөздерде Ц-ның орнына С-ны жазуға әбден болады, өйткені Ц құранды дыбыс, ол Т+С дыбыстарының жымдасуынан жасалған. Сондықтан оны өз құрамында бар С дыбысының таңбасымен, яғни S әріпмен беру, сөздердің графикалық кескінін де, дыбысталуын да айтарлықтай өзгертпейді, сөйтіп оларды оқырман мен жазарман жеңіл ажыратады. Әрі кирилдегі Ц-ның орнына S жазылған сөздер түпнұсқа тілдегі тұрпатына да ұқсайды. Жазуда да бірден танылады, айтылуда да тыңдарман үшін түсінікті: polısıa, sırk, sırkúl, astekter т.б., - деді ол.

Семинарға ҚР Мәдениет және спортминистрлігі Тіл саясаты комитеті өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Руханият орталығының қызметкерлері, өңірлік Тіл басқармалары мен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары қатысты.

Айта кетейік, ертең аталған таңбалардың ғылыми негіздемесі мен әріптердің пернетақтадағы орналасу жүйесі барлық өңірде тіл мамандарының, ғалымдардың талқысына салынады.


Тегтер: латын, жаңа әліпби, онлайн семинар, Тіл саясаты
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

97

ақпарат

Ақпараттық технология саласының терминдері талқыланды

585

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

101

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді