Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Олжас Сүлейменов: Шекспирі жоқ елдің Ньютоны да болмайды

17.1.2018 3637
Менің өзімнің қыздарымның да классикалық әдебиетті негізінен сол шығармалардың экрандалған нұсқалары арқылы білетіні қинайды. Өткен жылы Ресей теледи­дарын­­дағы (Парижде ОРТ көрсетеді) бір хабардан елдің ересек халқының 40 пайы­зы жыл бойында бірде бір кітап оқы­майды деген мәліметті естідім. Қазақстан­дағы жағдай одан жақсырақ деп ойламай­мын.

Қазір жұрт кітап десе Интернетті алға тартатын болып алған. Ал Жапо­нияда кейінгі кезде жұрт бұрынғыдан көбірек оқи бастапты, кітаптардың таралымы көбейіпті. Өйткені ондағылар компьютер ұлттың көзін нашарлатады деп тоқтам жасаған. Қазір елеулі шығармалар­дың бәрі, бүкіл классика Интернетке са­лынғаны рас, бірақ оларды экраннан оқып тауысу шынында да көзге қатер. Кітап оқу арқылы адам бүкіл адамзатпен тілдесе алады. Бүкіл адамзаттың мыңдаған жылдар бойы жинаған даналығын бойына сіңіре алады. Әсіресе, көркем әдебиеттің жөні бөлек. Ол сезім мәдениетін, ой мәдениетін қалыптастырады, адамның қабілетін шың­дай­ды, талантын оятады. Әйтсе де осы көр­кем әдебиетке байланысты бір қызық жай бар. “Жоғалсын цензура!” дедік. Жоғалды. Жоғалып еді, енді өзіміз абдырап қалдық. Бәрін жазуға болады, бірақ не жазарыңды білмейсің! Сөйтсек, нағыз әдебиет тек күрес жағдайында, цензурамен, мемлекеттің қысымымен текетірес жағдайында ғана толыққанды дами алады екен.

Совет заманындағы цензура тіпті әдебиеттің астарлы ойлы, қат-қабатты, күрделі болып келуіне әсер етті ме деймін. Біз оқырман халық ретінде қалыпта­сып қалып едік. “Жұлдыздың” таралымы 250 мыңға жақындаған болатын. Қазақ романдары 50-60 мың данамен тарайтын. “Жазушы” мен “Жалын” деген екі бас­па­мыз жылына 20 миллион дана кітап шы­ғаратын. Әр үйде дерлік жеке кітап­ха­на болатын. Сол халық қайтадан көрер­мен халыққа, тыңдаушы халыққа айналып ба­рады. Мықты әдебиетті мықты оқыр­ман ғана қалыптастырады. Бүгінгі әде­биет­тегі тоқыраудың басты себебі – оқыр­мандардың тоқырауы. Сұраныстың азаюы. Бұл айтқаным таралымы 160 мың­дық “Егемен Қазақстан” арқылы қазақ жұртына барынша кеңінен жетсін деп отыр­мын.

Біздің ағайындар ауыз ашса кітаптың қымбаттығын айта береді. Кітап­тың жанында түкке тұрмайтын нәр­селерге ақша аямай жатамыз. Қазақ хал­қының өсуі үшін қазақ тілінің өсуі керек. Қазақ ті­лінің өсуі үшін қазақ әдебиеті өсуі ке­рек. Қазақ әдебиетінің өсуі үшін оның таралымы өсуі керек. Оның таралымы өсуі үшін қазақ әдебиетін қадірлейтін, оқи­тын адамдардың қатары өсуі керек. Дүкеннен қазақ кітаптарын сатып алу арқылы-ақ сіз қазақ тілінің өсуіне көмек көр­сете аласыз. Кітабы молынан тараса, өз шығынын ақтаса, баспаға табыс тү­сірсе, авторы қаламақы алады, тұрмысын түзейді, көңілі көтеріледі, жаңа шығармаға кіріседі, шабыттана кіріседі. Талантты жазушының қаламынан шыққан кітап тілді байытады, тіл елді байытады.

Кез келген елдің шығармашылық әлеуе­­ті бүгінде экономикалық көрсет­кіш­терден ғана танылмайды. Елдің әлеуеті кітап өнімдерінің санынан да, са­пасынан да көрінуі керек. Әсіресе, әде­биетінен. Шекспирі жоқ елдің Ньютоны да болмайды. Осыны ұмытпайықшы!

Тегтер: Олжас Сүлейменов, Шекспир, Ньютон, кітап

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

17734 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

20752 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

4450 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды