РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 қыркүйек, 2024

 

 

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі өткізіп келе жатқан «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау уақыты 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (әр өңірден 1 адам) тіл саласына жауапты құзіретті органның бірінші басшысының қолымен ережеде көрсетілген үлгі бойынша ұсынылуы тиіс.

Байқауға қатысу шарттары мен ережесін https://tilalemi.kz/kz/news/memlekettik-til-tauelsizdik-symvoli-bayqaui.html сілтемесі арқылы көруге болады.

Байқау өткізілетін: Талдықорған қаласы

Уақыты: 2024 жылғы 23 қазан, сағат 10:00

Байқауға өтінім tilqogam@gmail.com электронды почтасына жіберіледі.

Тел: +7 702 976 70 68


Баға беріңіз