МАҚАЛА ЖАЗЫП, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіТіл саясаты комитетіШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іск...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

29 қаңтар, 2024

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі терминологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.

ҰСЫНЫЛАТЫН ЕҢБЕКТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ

«Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

Салалар бойынша жаңа терминдер мен олардың негіздемелері, жаңа терминдердің шығу тегі, тарихы, мазмұны;

Терминдерді біріздендіру мен іріктеудің мәселелері, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер, олардағы қолданыстағы критерийлер мен олардың қазақстандық ортаға бейімділік талаптары;

Терминдердің қоғамда қабылдану жолдары, олардың тәсілдері, тәжірибелер мен нақты нәтижелер, байқау нәтижелері;

Бұқаралық ақпараттағы терминдерді пайдаланудың өзекті мәселелері, проблемеларды шешу жолдары, қазақ терминологиясын дамытудағы рөлі;

Терминдердің қолданыстағы сипаты, өміршеңдігі немесе өміршең еместігінің белгілері, проблеманы тудырушы факторлар, тәжірибелер мен олардың нәтижелері, статистикалық мәліметтер;

Терминдерді іріктеу мен бекітудің талаптары мен бейімдеу жолдары, проблеманы шешу жолдары, тәжірибе, статистикалық мәліметтер.

ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;

Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;

Мақаланың көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс;

Мақала атауы бас әріптермен, мақала атауынан кейін автордың аты-жөні оң жақ қапталға, автор туралы толық деректер (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, электронды поштасы, байланыс телефоны) 12 пт түрінде, автордың аты-жөніне сілтеме (сноска) беру арқылы беттің төменгі жағына жазылады;

Аңдатпа және түйін сөздер екі тілде (қазақша, ағылшынша) беріледі. Егер мақала шет тілінде жазылған болса (мәселен ағылшын, орыс), аңдатпа мен түйін сөздер қазақ тілінде қосалқы түрде берілуі тиіс. Аңдатпа 7-10 сөйлемнен, түйін сөздер 4-5 сөзден асып кетпеуі керек;

Қорытынды бөлім 150 сөзден кем болмауы керек;

Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15], тыныс белгі тік жақшадан кейін қойылады;

Мақалалар k.karlygash@tilqazyna.kz электронды поштасы арқылы 2024 жылғы 10 наурызға дейін қабылданады;

Қазақ, ағылшын немесе орыс тілінде әзірленген мақалалар қабылданады.

МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

Электрондық журналға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;

Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;

Электрондық журнал «tilalemi.kz», «termincom.kz» сайттарына орналастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 27-30-42, 8747-702-9797

МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ҮЛГІСІ


Баға беріңіз