Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін
латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның
Орфографиялық жұмыс тобы
«А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының түркология және алтаистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор
1955 жылы 9 ақпанда Жезқазған қаласында туған. 1977 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Түркітану» мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылы қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ТІл білімі институтының аспирантурасын «Түркітану» мамандығы бойынша бітірген. 1981-1992 жылдары аталған институтта кіші ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, бөлім меңгерушісі, 1992-2005 жылдары ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, 2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы. 2016 жылдан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры.
1981 жылы «Түркі бір буынды түбір сөздерінің лексика-грамматикалық синкретизмы» тақырыбында кандидаттық, 1988 жылы «Түркі сөздерінің семантикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Зерттеу бағыттары: салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы
тіл білімі, грамматология, лексикология.
100-ден астам ғылыми және танымдық жарияланымның авторы.