Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры

E-mail:  

1951 жылдың 24 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Чернова ауылында туған.

Алматыдағы көркемсурет училищесін, ҚазГУ-дің журналистика факультетін бітірген.

1975-1986 жылдары «Білім және еңбек» журналында көркемдеуші редактор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1986 жылы республикалық «Өнер» баспасына бас редактор. 1992-1993 жылдары ҚР Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратында жауапты қызметтер атқарған. 1993-98 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1998-2004 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Баспа және полиграфия істері жөніндегі департаменттің директоры. 2005 жылдың ақпанынан - Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі, бас инспектор, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2012 жылы Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры, 2014 жылы Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры. 2016 жылдан ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры.

2019 жылдың сәуір айынан - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006), «Парасат» орденінің және бірнеше медальдардың иегері.

Қырықтан астам кітаптың авторы.