Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

E-mail:  

1958 жылы 17 маусымда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. 1986 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1986 жылдан Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы, 1989-1991 жылдары қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аспирант, 1991 жылдан осы жоғары оқу орнында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих және құқықтану факультетінің деканы, 1998 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университеті Қызылорда филиалының директоры, 1999-2003 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, 2003 жылдан «Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық азаматтык қозғалысы Қызылорда филиалының және 2005-2008 жылдары «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығының төрағасы, 2008 жылы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2011 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

1991 жылы тарих мамандығы бойынша кандидаттық, 1999 жылы саяси ғылымдар мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

«Құрмет», «Парасат» ордендері және медальдармен марапатталған.

10-нан астам монография мен оқулықтардың, 300-ден аса ғылыми, публицистикалықмақалалардың авторы.