Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, хатшы, филология ғылымдарының кандидаты


1965 жылы 22 ақпанда Алматы қаласында туған. 1983-85 жылдары Алматы зооветеринарлық институтының студенті. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1992 жылы бітірген. 1992 жылдан С.Сейфуллин атындағы Целиноград, Ақмола педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, 2003-2004 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институты директорының орынбасары, 2004-2007 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының директоры, директорының орынбасары, 2007-2012 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры, 2012-2015 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы. 2015 жылдан Қазір Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры.

1997 жылы «Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы романтизм» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

1 монографияның, 2 ғылыми зерттеу кітабының, бірнеше оқу құралының, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған.