Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор


1976 жылы 16 ақпанында Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қапар ауылында туған.

Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша 1998 жылы бітірген. 2000 жылы аталған университеттің магистратурасын бітірген.

1998 жылдан Алматы қаласы, Павлодар облысы мектептерінде мұғалім, 2003-2004 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, 2004-2005, 2007-2020 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде, 2005-2007 жылдары Инновациялық Еуразия университетінде аға оқытушы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы.

2007 жылы «І.Кеңесбаевтың фонетикалық еңбектерінің ғылыми негізі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.