Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

E-mail:   zhanarkon@mail.ru

1975 жылы қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1996 жылы бітірген. 1996-1997 жылдары осы университеттің Жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының стажер-зерттеушісі. 1998-2001 жылдары осы аталған кафедраның аспиранты. 2002-2007 жылдары осы кафедарының оқытушысы. 2007 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті.

2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 2011 жылы ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағын алған. 2016 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры міндетін атқарушы.

Ол 1 авторлық монографияның, 4 ұжымдық монографияның, 2 оқу құралының, 2 электрондық оқулықтың, 1 көмекші оқу құралының (ағылшын тілінде), 100-ге жуық ғылыми мақаланың авторы. 2017 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын алған.

Зерттеу бағыттары: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі.