Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

«А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, филология ғылымдарының кандидаты

E-mail:   nar20@bk.ru

1974 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында туған. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен 1996 жылы бітірген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасын 1999 жылы бітірген. 2000 жылдан аталған институт та кіші, аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, жетекші ғылыми қызметкері, директордың орынбасары. 2018 жылдың тамызынан – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы.

2000 жылы «Қазақ тіліндегі қосқұрамды құрмалас сөйлем интонациясы (эксперименттік-фонетикалық зерттеу)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Зерттеу бағыттары: орфография мен орфоэпия, фонетика, интонация, лексикография, қолданбалы лингвистика.

3 оқу құралының, 1 анықтамалықтың, 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.