Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты

E-mail:   nursauler@mail.ru

1967 жылы 30 қарашада Қызылорда облысы Арал қаласында туған. 1991 ж. қазіргі Қорқыт ата ат. Қызылорда мемлекеттік университетін «Екі шет тілі» мамандығы бойынша үздік бітірген. 1991 – 2009 жж. Қожа Ахмет Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті ағылшын филологиясы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2009 ж. «Нұрмүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, 2010-2019 жж. С. Демирел ат. университеттің ассистент профессоры; 2019 ж. Ш.Шаяхметов ат. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

2008 ж. «Қазақ онимдерінің ағылшын тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Зерттеу бағыттары: салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі, грамматология, аударматану, стилистика, әдістеме. 200-ге жуық ғылыми мақала авторы.

Халықаралық марапаты: АҚШ мемлекеттік департаментінің Ағылшын тілін үйретуге қосқан ғаламдық үлесі үшін Алғыс хаты.