Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін
латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның
Орфографиялық жұмыс тобы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы
1958 жылы 1 маусымда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін 1982 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1988 жылдан аталған университетте оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі. 2007 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
1990 жылы «Сложные синтаксические единства в казахском языке» тақырыбында кандидаттық, 1999 жылы «Қазақ тілінің функционалдық синтаксисі (контекст проблемасы)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Зерттеу бағыттары: лексикология, морфология, синтаксис, аударматану, психолингвистика, лингвофольклористика, мәтін лингвистикасы.
6 монографияның, 3 оқулықтың, 300-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.