Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор

E-mail:   momynova_b@mail.ru

1957 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Топтерек ауылында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1979 жылы бітірген. 1993 жылы осы университеттің аспирантурасын бітірген. Осы жылдан бастап аталған университетте оқытушы, доцент, профессор және 2005-2008, 2010-2014 жылдары Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері.

1993 жылы «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика» тақырыбында кандидаттық, 1999 жылы «Қазақ газеттерінің лексикасы: жүйесі мен құрылымы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2001 жылы ҚР БжҒМ ЖАК шешімімен профессор ғылыми атағын алған. Ол - 15 кандидаттық, 1 докторлық, 2 PhD докторының, 50-ден астам магистрлік диссертациялық жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасады.

Зерттеу бағыттары: қазақ әдеби тілінің тарихы, мәтін лингвистикасы, паралингвистика, орфография, лексикография.

Ол – 5 монографияның, 8 оқулықтың және 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері. 2007 және 2011 жылдардағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын алған.