Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін
латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның
Орфографиялық жұмыс тобы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі
1952 жылы 3 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1975 жылы қазіргі Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетін бітірген.
1986 жылдан қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми, аға ғылыми қызметкер, ғалым хатшы, бас ғылыми қызметкер.
1983 жылы «Интонация вводных единиц в языках различного типа (на материале французского, казахского и русского языков)» тақырыбында кандидаттық, 1997 жылы «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Зерттеу бағыттары: фонетика, фонология, интонология, қолданбалы лингвистика.
10 монографияның, 5 оқу құралының және 250-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы.