Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор

E-mail:   aleke@list.ru

1938 жылы 12 мамырда қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1963 жылы бітірген. Осы жылдан бастап қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері. 1964-1967 жылдары қазіргі Санкт-Петербург университетінде академик Л.В.Щерба атындағы Фонетика лабораториясында тәлімгер-зерттеуші. 1964 жылдан қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері

1969 жылы «Қазақ тілінің дауысты дыбыстары» тақырыбында кандидаттық, 1989 жылы «Түркі тілдерінің сөз просодикасы және қазақ тілінің сингармонизмі» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.

Зерттеу бағыттары: фонетика, орфография мен орфоэпия, сингармонизм, әдістеме.

5 монографияның, 8 оқулықтың және 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

Қазақстан Республикасы Құрмет Грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.