Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қазақ тілі әліпбиін

латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның

Орфографиялық жұмыс тобы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, төраға

E-mail:  

1985 жылдың 3 сәуірінде Батыс Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистранты. 2003-2004 жылдары - Ғ. Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының артисі; 2007-2011 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің артисі, 2009-2013 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының оқытушысы,2011-2013 жылдары - қосымша Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің инспекторы,2013-2019 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017), «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры» (2019) және бірнеше медальдардың иегері.