Республикалық біліктілікті арттыру курсы

Ағылшын тілі пәні оқытушыларының назарына!
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Ағылшын тілінен 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
Курстың тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістер».
Курстың мақсаты:
* Ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттыру;
* Ағылшын тілін оқыту үрдісіндегі жаңа технологияларды талқылау;
* Тілді оқытудың тиімді инновациялық әдістерін қалыптастыру, оқыту әдіснамасын жетілдіру.
Курсты тәжірибелі оқытушылар мен әдіскер мамандар жүргізеді.
Курс – ақылы.
Уақыты: мамыр айында.
Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А
Толық ақпарат үшін байланыс: 8 (7172) 40-83-67, 8 707 518 10 18
Email: dana.zhanabek@mail.ru