Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» республикалық семинары

21.9.2017 1204

Тұжырымдаманың өзектілігі.Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейін көтеру керектігі айтылған.

Бағдарламада көрсетілгенміндеттерді іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар – мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру.

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік тілді оқып-үйренудің жаңа үдерісі басталды. Өйткені қазіргі қалыптасқан жағдайда еліміздегі тіл саясатының іске асырылуы, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде биліктің барлық жүйесінде басқару тілі, іс жүргізу және қызмет көрсету тілі, қоғамдық қатынастар тілі міндеттерін толық атқаруына қатысты болып отыр. Бұл - мемлекеттік қызметшілер мен кәсіби сала мамандарының біліктілігін қажетті деңгейге жеткізу арқылы ғана орындалатын міндет.

Ересектерге қазақ тілін оқыту бүгінгі таңда тек білім беру мекемелерінде ғана емес, сонымен қатар осы мақсатта ашылған арнайы тіл орталықтарында жүргізілетіні белгілі. Еліміздің облыстарындағы Тілдерді дамыту басқармаларының жанынан құрылған мұндай орталықтардың басты мақсаты мемлекеттік қызметшілерді, мекеме қызметкерлерін мемлекеттік тілге оқыту болып табылады. Осы орайда, республика бойынша оқыту орталықтарының сапалы бағдарламалар мен оқу құралдарын әзірлейтін, мемлекеттік тілге оқытатын оқытушылардың озық тәжірибелерін насихаттау шарасын өткізу мамандардың әдістемелік сипатта дамуына оң ықпалын тигізері анық.

Мақсаты.

Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Міндеттері.

- мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;

- мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша қолжетімді электронды алаң құру, оны қолданысқа енгізу;

- жас мамандардың мемлекеттік тілді меңгеруін ынталандыру, талап етілуін арттыру және оны зерделеу үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде шаралар кешенін әзірлеу;

- оқытуды бір жүйеге түсіру мақсатында салалық оқу кешендерін, сөздіктер мен оқыту бағдарламаларын әзірлеу және басып шығару;

- мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру.

Жалпы сипаттамасы. ШарағаҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері,әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысады.

Шара барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер панорамалық сабақтар мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді. Республикаға белгілі филолог ғалымдар өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жалпы шараның өткізілуі бойынша материалдар шара өтетін мерзімнен 10 күн бұрын www.facebook.com, www.twitter.com әлеуметтік желілерінде, til.gov.kz,www.tilalemi.кz, www.tilortalyq.kz интернет-ресурстарында, радиода, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталатын болады. Ақпараттық мәтіндер жобасы әзірленеді және келісіледі. Баспасөз парағы дайындалады. Шараның ашылуында сөйлейтін қонақтар мен қатысушыларының кіріспе, құттықтау сөздерінің жобасы әзірленеді.Түскі, кешкі ас беріледі. Шара толыққанды кәсіпқой фото, бейне қызметтермен қамтамасыз етіледі, қажетті құралдармен жабдықталады.

Өтетін орны: Республикалық семинар 2017 жылдың 7 сәуірінде Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайында» өткізіледі.

Безендірілуі. Шара өтетін орын көркемдік талаптарға сәйкес баннермен, гүлдермен безендіріледі.

Күтілетін нәтиже.Бұл шара Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды бағамдайды. Аталған шара ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарына сәйкес оқыту әдістемесін біріздендіруді көздейді. Бұдан басқа қазақ тілінде оқытатын білім беру мекемелерінің желісін кеңейту және қазақ тілі оқытушыларының еңбегін ынталандыру, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданысқа енгізу.

Тегтер: Мемлекеттік тіл, әдіс, тәжірибе, инновация, республикалық семинар
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

1841 0

ақпарат

«Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» семинары

1589 0

ақпарат

«Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» республикалық семинары

2215 0

ақпарат

«ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ӘЛІПБИ: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты түркі жазбалары күндеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция