Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Орыс жастары қазақ тілінен сайысқа түсті

27.11.2015 2566
Үстіміздегі жылдың 27 қарашасы күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы орыс жастары арасындағы «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауын өткізді. Қазақтың тілін сүйіп оқып, тарихымен танысып, әдебиетін сусындап өскен орыс жастары қазақ тілінде еркін ойын жеткізіп, өнерін ортаға салды. Өнерімен ерекше көзге түсіп, сөзімен топта сарнаған Ақмола облысынан келген Мурашова Дина Дмитрийқызы бас жүлдені қанжығасына байлады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуда үлес қосып жүрген Дураченко Галина Сергейқызы (Шығыс Қазақстан) және алматылық Степанова Диана Александрқызы

І орынға ие болды. Өз тілін құрметтеп қана қоймай, өзге тілдің өрісінде еркін

жүзіп, мәдениетін тарқата сөйлеген Дедович Ольга Андрейқызы (Атырау облысы) ІІ орынға қол жеткізді. Киелі үш санына табан тіреген Фадейкина Валерия Иванқызы Оңтүстік Қазақстан облысынан келіп, барша көрерменді өнерімен тәнті етті. ІІІ орынды олжалап, облысына сый-сыяпатпен қайтты.

Аталған байқауға қатысқан 13 өнерпаздың ішінен 3 қатысушы ерекше көзге түсіп, белсене қатысқаны үшін арнайы алғысхатпен марапатталды. Қалған 5 қатысушы қатысқаны үшін алғысхат алып, 60000 теңге көлемінде сыйақы алды.

Байқау барысы ІІІ кезеңде өтті. «Шабыт жұлдызы» кезеңінде өнерімен көрерменді баураған қатысушылар тыңдарманға танымды кеш, қызықты сәт сыйлады.

Тегтер: мемлекеттік тіл, орыс жастары, байқау
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

282 Ақпарат

АБЫЗ АҚСАҚАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

150 Ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ

539 Ақпарат

АСТАНАДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛДЫ