Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

15.9.2023 335

Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі аясында Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қалалық «Достық үйінің» концерт залында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстау рәсімі өткізілді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалатын «Тіл жанашыры» сыйлығы 2012 жылдан бастап тапсырылып келеді.

Биылғы жылы сегіз номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Тіл майталманы» номинациясының лауреаты – қазақ тілі оқытушыларының Халықаралық бірлестігінің мүшесі, «Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы» жекеменшік кәсіпорнының директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы;

«Мемлекеттік тіл – бизнесте» номинациясының лауреаты – «BioHumusKZ» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облысы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Серікбай Арайлым Талғатқызы;

«Тіл білгірі» номинациясының лауреаты – Қарағанды қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Мәміле» қазақ тілінде сұхбаттасу клубының жетекшісі Тим Ольга Германовна;


«Үздік оқытушы» номинациясының лауреаты – Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының оқытушысы, «Til.kz» сөйлесу клубының, «Тілі бірдің – тілегі бір» жобасының жетекшісі Жүпенова Динара Тәрбиеқызы;

«Тіл жаршысы» номинациясының лауреаты – «Saryarqa Aqparat» медиа холдингіне қарасты Life09 ақпарат агенттігінің бас редакторының орынбасары Жақыпов Айсұлтан Мұхамедияұлы;

«Үздік телехабар» номинациясының лауреаты – «Қазақстан» РТРК АҚ Қарағанды облыстық филиалы – «Сарыарқа» телеарнасының шеф редакторы Ақажанова Гүлбақша Беркінқызы;

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясының лауреаты - «Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Махмұтова Гүлзада Аманкелдіқызы;

«Жас полиглот» номинациясының лауреаты – Теміртау қаласының №9 лицейінің шет тілі пәнінің мұғалімі, бірінші санаттағы педагог Жанабаев Данияр Көнекбайұлы.

Шараны тамашалауға келген облыс жұртшылығына Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігі әртістері өз өнерін ұсынды.


Тегтер: «ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» СЫЙЛЫҒЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

258 Ақпарат

АБАЙ ИНСТИТУТЫ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ӨРЕЛІ ІСТЕР

221 Ақпарат

АЙТЫЛЫМ МЕН ЖАЗЫЛЫМ

207 Ақпарат

«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ