Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АНА ТІЛІМІЗ ӘСКЕРИ САЛАДА

26.5.2023 599

2023 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының жас оқытушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері ТжӘҚЖ бөлімшелері бастықтарының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшілері және бөлініс бастығы (кабинет бастығы) арасында өтетін «Үздік маман» сайысы аясында семинар ұйымдастырды.

Мемлекеттік тілдің Қарулы Күштердегі қолданыс аясын кеңейту мәселесі қай кезде де өзекті.

Бұл ретте әскерде жергілікті жерде өз міндетін адал орындап, ат салысып жүрген барлық тіл мамандарының көп жылғы еңбектерін атап өткен жөн. «Үздік маман» сайысы сол еңбекті бағалауды, өзара тәжірибе алмасуды көздейді.

Бас қосу барысында жас мамандар мемлекеттік тілді оқытудағы іс-тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар үшін, әсіресе, түрлі тіл үйрету ресурстары мен осы бағыттағы тиімді әдіс-тәсілдер қызықты болды.

Жас ұстаздар Бердібек Талғатұлы Қожықов пен Гүлфайруз Асанқызы Уйдан Батыс өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор А.Жұмағалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.

Тегтер: АНА ТІЛІМІЗ ӘСКЕРИ САЛАДА
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

221 Ақпарат

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

436 Ақпарат

ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

522 Ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ