Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

23.5.2023 730

2023 жылғы 23 мамыр күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай атышулы «Белгісіз Қазақстан» блогының авторы ерлі-зайыпты Диас пен Әйгерім Камеридановтар мен елімізге белгілі подкастер Елдар Құдайбергеновті қабылдап, жаңа технологиялар мен қазақ тілінің мәселесі тақырыбында ой бөлісті.

Бүгінде «Белгісіз Қазақстан» блогын білмейтін адам кем де кем шығар. 200 мыңға жуық жазылушысы бар жас ізденімпаздар Forbes Kazakhstan «30 дейінгі 30» былтырғы рейтингісіне қатысты. Ал, Елдардың жаңа медиа кеңістігінде өзгеше орны бар контент тарату технологиясы – подкастингпен айналысқанына төрт жылдан астам уақыт өтті. Өзінің айтуынша, осы қысқа мерзім ішінде он шақты подкаст жасап, 30-ға жуық жеке тұлғалар мен ұйымдарға осы мақсатта қол ұшын берген.

«Қазіргі жаһандану заманында ана тіліміздің болашағын жаңа технологияларсыз елестету еш мүмкін емес. Біздің қалауымыздан тыс, балалардың қолындағы гаджет жас ұрпақтың санасын қалыптастыруға кірісті. Баланың бойын билеген контент ойына да «әмір етіп», өз тілін үйренуге «мәжбүрлейді». Күнделікті өмірден көріп жүрген даусыз ақиқат осы. Сондықтан, қазақ тілін жаңа ақпараттық технологиялармен кіріктіру мәселесі аса үлкен маңызға ие»,– деді Мақпал Жұмабай.

Кездесу барысында ақпараттық технологиялар жүйесіндегі ана тіліміздің жәй-күйі сөз болып, болашақта әлемдік платформалардан лайықты орын алуы үшін қоғам болып бірлесе атқарар міндеттер төңірегінде пікір бөлісті.


Тегтер: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

249 Ақпарат

АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ

378 Ақпарат

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ

682 Ақпарат

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ОРТАҚ ӘЛІПБИ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ