Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

17.3.2023 848

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тілі. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Дәстүрлі түрде тойланатын Наурыз мерекесі биылғы жылы Қарағандымен қанаттас қала – Шахтинскіде тамаша байқаумен басталды. 16 наурызда Шахтинск қаласының орталығындағы Мәдениет сарайында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Наурыз – Думан» қалалық байқауы өткізілді.

4 кезеңнен тұратын байқауға мемлекеттік қызметкерлер 5 командаға бөлініп қатысты. Шахтинск қалалық әкімдігіне қарасты бөлімдердің мамандары «Шахан елі», «Гүлдерай», «Шахтинск жастары», «Достық», «Көктем» командаларында бақ сынады.

Байқау басталар алдын Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Құрмашқызыкелген көрермендер мен қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап,ізгі тілегін жеткізді. Қыдыр атаның Наурыз батасымен, әженің шашуымен басталған байқаудың әр кезеңі қатысушылардың өнері мен білімі таласқа түскен, нағыз мықтыны айқындауға себеп болған тартыстан тұрды десек, қателеспеспіз. Сөзіміздің дәлелі, байқаудың «Таныстыру», «Ұлттық тағамдар», «Өз өнерін көрсету», «Викториналық сұрақтар» кезеңдеріне командаларжақсы дәрежеде дайындалып келгенін көрсетті.

Жарыс болған соң «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, шын жүйрік қана оза шауып, бәйгенің алдын бермейтіні белгілі. Қазылар алқасының шешімімен үшінші орынды Жастар ресурстық орталығы мен Шахтинск қаласының ЖКХ бөлімінің командалары иеленсе, екінші орынды Шахан кенті әкімінің аппараты иеленді. Ал бірінші орынды Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі еншілеп, Бас жүлдені Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің командасы жеңіп алды. Жүлделі орын алған команданың бәрі мақтау грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы қоғамдық көзқарас дұрыс қалыптасып отыр. Олай болса, шырайлы шаһарымыздың тіл саясатын дамытуға титтей де болсын үлес қосып, мамандарын байқауға қатыстыруға жұмылдырған бөлім басшыларына алғымызды білдіреміз.

Байырғы, жергілікті ұлттың саны 30 пайызға жетпейтін қалада тұрғындар арасында тіліміздің мәртебесін арттыру үшін әлі де тынымсыз еңбек ету керек. Сондықтан алдағы уақыттақала жастарымен осы бағытта көбірек жұмыс істесек деген мақсатымыз бар.


С.Уристемов,

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы директорының м.а.

Тегтер: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

242 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

240 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

576 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ