Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

6.3.2023 1308

Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен «Музыкалық жас көрермен театры» бірлесіп «Әлихан Бөкейхан - ұлт азаттық күрескері» атты танымдық-деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді.

Екі бөлімнен тұратын танымдық-деректі фильмді әлихантанушы Тұңғышбай Мұқан немересі Медеу Әбеузармен бірге ізденісінің нәтижесінде жарық көрген.

Алаш тақырыбын танып-білуде таптырмас дереккөзге айналған деректі фильм арнайы мемлекеттік тапсырыс та, коммерциялық жоба да, ғылым зерттеу де емес. Бұл немереміз екеуміздің Әлихан Бөкейхан тағдырының кейбір деректерін жинастырып, бүгінгі ұрпаққа, қарапайым жұртшылыққаттаныстыру мақсатында түсірілді.

Деректі фильм «Алаш-Орда» автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына және «Алаш-Орда» үкіметінің тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейхан есімінің Қарағандыдағы Октябрь ауданына берілгеніне бір жыл толу құрметіне арналып отыр,- деді Тұңғышбай Мұқан.

Әлихантанушының сөзінше, ұлт қайраткері туралы келтірілген кинотуындыға 30 жыл ішінде Арқа төрінде алаштықтарды зерттеуші ғалымдардың қатысуымен өткен маңызды шаралар арқау болған.

Айта кетейік, фильм Қарағанды, Теміртау қалаларында және Әлихан Бөкейхан, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарында көрсетіліп, көрерменнің көңілінен шығып үлгерді.

Elorda.info

Тегтер: ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

173 Ақпарат

САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

135 Ақпарат

Сарғайған газет шежіресі: «Егемендік алдымен тілге берілсін»

203 Ақпарат

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ