ОҚУШЫЛАРМЕН ОЙТАЛҚЫ ӨТТІ

«Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Серікқызы Жақыповамен бірлесіп ұйымдастырған бұл кездесуімізге 7-11 сынып оқушылары қатысты. Ойталқы барысында балалар ұлт ұстазының өмірбаяны мен артына қалдырған мұрасы туралы, ұлтқа жасаған өлшеусіз қызметі жөнінде құнды мәліметтермен өзара бөлісті. Бұдан басқа «Әлемдегі тілдердің пайда болуы және жойылуы» деген сұрақтың мектеп оқушыларын қатты ойға қалдырғанын ерекше атап өтуге болады. Әсіресе, ана тіліміздің тағдыры толғантқанын олардың белсенділігінен анық байқадық».
Оның айтуынша, мұндай шаралар одан әрі жалғасын таба береді.