Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

1.12.2022 841
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Ахмет Байтұрсынұлы және өркениет» жинағы жарық көрді. Мұнда ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған Париж, Ыстамбұл қалаларында өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференциялардың және Түркістан қаласында ұйымдастырылған Халықаралық түркітанушылар конгресінің материалдары жарияланған. Жинақ Қазақстан Республикасы Білім академиясының корреспондент-мүшесі, белгілі ғалым Ербол Тілешовтің «Ұлт өркениеті және реформатор тұлға» атты алғысөзімен ашылған.

«Алаш көсемінің, ұлт ұстазының және қазақ ғылымының негізін салушының мол мұрасын және қайраткерлігін әр қырынан қарап зерделеген еңбектермен танысу барысында қадірменді оқырман қауымның Ахмет Байтұрсынұлы, Алаш қозғалысы және жалпы қазақ, түркі руханияты жөнінде соны ойларға, тың тұжырымдарға кенелетініне шүбәсіз үлкен сенім артамыз»,– деп жазады автор.

Жинаққа Орталықтың ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Айтованың «Ахмет Байтұрсынұлы грамматикасындағы тура объектілік қатынас» мақаласы енген.

Жинақ ғалымдарға, мұғалімдерге, білім алушыларға және ұлт руханияты қызықтыратын жалпы көпшілік қауымға арналған.

Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

242 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

240 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

576 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ