Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.11.2022 533
2022 жылғы 30 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жыл бойы Кеңес жиылыстарында қабылданған шешімдердің орындалу барысына арналған отырысты Бас директор Е.Тілешов кіріспе сөз сөйлеп ашты.

«Қашанда алға қойылған міндет орындалуымен құнды, биікті бағындырған ғана келесі мақсатқа ұмтылады. Осы тұрғыдан келгенде, отырыстың күн тәртібі көрсетіп тұрғанындай, Ғылыми Кеңестің Орталықтың өміріндегі өзектілігі мен мәні өте зор. Қоғамның бірыңғай практикалық істердің шылауында кетпей, ғылыми мазмұнмен байып отыруында үлкен рөл атқарып келеді»,– деді Ербол Ердембекұлы.

Ғалым хатшы Нұрлыхан Айтова жыл басынан бері көтерілген мәселелерге жеке-жеке тоқталып, салаға қатысты сұрақтар бойынша әр Басқарма басшысының түсіндіруін сұрап отырды. Орталық қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін арттыру мен еңбек жағдайын жақсартуға байланысты қолға алынып жатқан шаралар жөнінде атқарушы директор Лиза Есбосынова әңгімелеп берді.

Жылдың аяқталуына тура бір ай уақыт қалды. Осы қысқа мерзімде алға қойылған міндеттерді мейлінше абыроймен атқару жағына баса назар аударылды.

Тегтер:
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

282 Ақпарат

АБЫЗ АҚСАҚАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

150 Ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ

539 Ақпарат

АСТАНАДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛДЫ